Краудинвестинг (Crowdinvesting) екі сөзден өз атауын алады: «crowd» — қарапайым халық және «investing» — инвестициялау (ақша салу). Мұнда қағида қарапайым – жобаны іске қосу үшін компания көп адамдардан қаражат (инвестиция) жинайды. Жоба іске қосылған соң, әрбір микроинвестор осы компанияда шартты үлесін алады. Бұл акция немесе активтердің үлесі болуы мүмкін.
Краудинвестинг платформасы – онлайн веб-порталы (веб-сайт), Қазақстанның түкпір-түкпірінен барлық қарапайым адамдарға нақты бизнес-жобаларды жүзеге асыру үшін сол қарапайым басқа мыңдаған адамдармен бірге, инвестициялар үшін олардың қол жетімді шағын жинақтарын инвестициялауға мүмкіндік береді. Біздің компания сияқты қызмет көрсетеді:
1) микроинвесторлар үшін акционерлік қоғам немесе ЖШС құру.
2) барлық есептеулер мен сипаттамасымен ауыл шаруашылығы саласындағы бизнес жобасын жасау;
3) ауыл шаруашылығы және басқа да салаларда бизнес-жобаларды іске асыру үшін микроинвесторлардың қаражаттарын жиннау. Олардың әрқайсысының үлесі 150 000 теңгеден бастап 250 000 теңгеге дейінгі диапазонында болады. Микинвесторлар қаражаты арқылы жалпы үлесі 150 млн.теңгеден бастап 250 млн. теңгеге дейін жобаларды іске асыру;
4) номиналды қуаты 100% жеткенге дейін бизнес жобасын іске асыруды басқару, өндірістік объектілерді бақылау. Осыдан кейін жасап тұрған жобаны басқару және қадағалау құрылған АҚ(акционерлік қоғамға) немесе ЖШС директорлар кеңесіне берілетін болады.
Осылайша бірте-бірте аграрлық секторда отандық өнімнің сапасын жақсарту мәселелерін, салықты табыстан төлеу мөлшерін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, жаңа кәсіпорындар құру, ауыл шаруашылығы саласында орта және ірі өндіріс құру, микроинвесторлардың таза табыстарын арттыру жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласын дамыту бөлігі ретінде, келешекте туризм, демалыс, эко-ауылдар ұйыдастыру жоспарланып отыр.
Осымен біз тек біздің жоспарларымызды барлықтарңызға таныстырғымыз келеді. Ендігі мәселе қойылған мақсатқа жету біздер үшін барлық жолдарын зерттеу жоспарланып отыр. Continue reading “Краудинвестинг Қазақстанда”